Мәтін авторы ерлі-зайыптыларды кіреберіске кіргізбеуге және сақ болуға шақырады. Елордалық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«WhatsApp мессенджері бойынша 22 жастағы жас қыз бен жігіттің пәтерлерден ұрлық жасаған фактілері туралы ақпарат таратылуда. Бұл хабарлама шындыққа сәйкес келмейді. Аталған азаматтарға қатысты Астана қаласының полициясына арыз түскен жоқ», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Сонымен қатар полиция өкілдері ҚР ҚК 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертуде.