Ведомство оның шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
“19 шілде күні әлеуметтік желілерде mongov.kz сайтына сілтеме жасай отырып, ЖОО қызметкерлері арасында тұрғын үйге қажеттілік тізімін жасау үшін сауалнаманы толтыру сұралған хабарландыру таралды. Аталған сайттағы ақпарат алаяқтық әрекет болып табылады. Негізгі мақсаты жоғары оқу орындарының қызметкерлері туралы жеке деректерді жинау болып табылады. Осыған байланысты Ғылым және жоғары білім министрлігі жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырады және Министрліктің бастамалары туралы хабарлау қажет болған жағдайда электрондық құжат айналымы жүйесіне енгізілген ресми ақпарат арналары пайдаланылатынын мәлімдейді. Аталған оқиға бойынша ақпарат құқық қорғау органдарына берілді” делінген ведомство жауабында.