Бұл туралы РИА Новости порталына сілтеме жасаған Stan.kz ақпарат агенттігі жазып отыр. Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көздерінше, мерекелік іс-шара аясындағы жарыс 25 ақпанда "Коммунальник" шипажайында өткен. 38 жастағы әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмған.
"Оқиға туралы ақпарат расталды. Әйел мерекелік іс-шараларға, құймақ жеу байқауына қатысқан. Шамасы, ол түйіліп, жедел жәрдем келгенше қайтыс болған", - деп түсіндірді ақпарат көздері РИА Новости тілшісіне.
Ақпаратты Ресейдің Омбы облыстық ішкі істер министрлігінің басқармасындағылар да растады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.