RSS лента

Ер адамды төрт әйел зорлаған ба?

Автор фото: ашық дереккөз

Оқиға Үндістанда орын алды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Үндістанның Пенджаб штатындағы Джаландхар қаласының тұрғыны өзін төрт белгісіз әйелдің ұрлап, зорлағанын айтып, шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады The Mirror порталына сілтеме жасай отырып. Тері зауытының жасы 20 жастағы қызметкерінің айтуынша, қаланы аралап жүргенде ақ көлікпен төрт әйел келген. Олар бір-бірімен ағылшын тілінде, ал жігітпен пенджаби тілінде сөйлескен. Әйелдер оған адресі жазылған бір жапырақ қағаз беріп, қалай жетуге болатынын сұраған.

 

Үндістандық жігіт қағазға қараймын деген кезде, бейтаныс әйелдердің бірі оның көзіне бір затты шашыратып жіберіп, жігіт содан кейін есін жоғалтқан. Ал ол оянған кезінде көлікте қолын артына байлап тастаған. Шабуылшылар оны орманға апарып, есірткі мен алкогольдік ішімдікке мәжбүрлеп, зорлаған. Кейін көзін байлап тастап кеткен. Ер адам ақырында өзін-өзі босатып, үйіне оралды. Полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде.

 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
Все новости