RSS лента

Атыраулық ана жылаған сәбиін пышақтап тастаған

  • 01.10.2021, 14:41,
  • 717
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Жылап мазасын алған баласын тыныштандырудың орнына анасы пышақ сұққан, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қылмыс биыл 28 сәуірде Құрманғазы ауданындағы Көптоғай ауылында болған. Үйде жалғыз қалған 42 жастағы әйел жылай берген төрт айлық баласын тыныштандырмақ болып, 38 жерден пышақ сұғады. Кейін қылмысын мойындап, көршісінің үйіне барған.

 

Сотқа қатысқан жолдасының айтуынша, әйел босанғаннан кейін күрт өзгерген. Көзіне белгісіз адамдар көрініп, жиі үйден кетіп қалатынды шығарыпты. Ол енді әйелін кінәламаймын деп отыр.

 

«Қара нәрсе бар деп қорыққандықтан, бақсыларға көрсетіп, мал сойып, құран да оқыттық. Осыған дейін сәбиді тұншықтарған да кезі болды. Қылмыс болатын күні ауданға жеке шаруаларыммен кетіп қалған едім. Әйелім жалғыз сәбиін әдейі өлтірген жоқ» дейді жұбайы.

 

Сотқа күдікті әйелдің өзі қатыспады. Ол қазір психиатриялық орталыққа жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы бір қалыпқа келген.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости