Суицид жасар алдында, 2 апта бойы үй қамауында отырған. Қайғылы оқиға 2 маусым күні Боровской ауылында болды. Жұбайы Қостанайға кетіп қалып Жүгінісов үйде жалғыз қалыпты. Сәрсенбі күні кешке туыстары оның денесін үйінен тапқан.
Меңдіқара ауданының білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Жанайдаров Қалыбек Жүгінісовты Қызылорда облысының Арал қаласында дүниеге келгенін айтты. Ол Қостанай облысына 2015 жылы келіп, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Үш жыл бұрын ол аудандық білім бөлімінің басшысы болып тағайындалған.
«Біздің ұжым оны қатты құрметтеді. Ол ешқашан ешкімге көмек көрсетуден бас тартқан емес, әрқашан өз жұмысы мен қызметкерлері үшін алаңдайтын. Ол өте жауапты кісі болатын. Біз үшін бұл үлкен қайғы. Отбасына қайғырып көңіл айтамыз» деді Азамат Жанайдаров.
«Білім бөлімі басшысының мұндай әрекетке баруына жалған жала әсер еткен болуы мүмкін» дейді әріптестері.