Бұл туралы Жамбыл облысының басшысы Бердібек Сапарбаев өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды. Жаңатастағы үйлердің бірінен өрт шығып, бес бірдей бейкүнә бала ажал құшты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Мәселе менің жеке бақылауымда. Көз жұмған балалардың жақындарына Алла Тағала сабыр берсін. Қайғысына ортақтасып көңіл айтамын» деп жазды ол.
Айта кетейік, Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында пәтерден өрт шығып, 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған 2 ұл мен 3 қыз уланып, ауруханаға жатқызылды. Балалар біраз уақыттан кейін жан тапсырды.