Бетперде таққан адам балаға кәмпит ұсынып, оны ішінде бірнеше кісісі бар қара көлікке отыруға шақырған екен.
Хабарламада әйел ұлының қаскүнемдерден қашып үлгергенін айтады, дегенмен ол полицияға барып, оқиғаның мән-жайын хабарламақ.
ҚР ІІМ бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Олардың хабарлауынша, ақпарат тексерілді және расталған жоқ.
– Полицияға мұндай арыздар түскен жоқ, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ хабарламада әйел балаларды осылай алдайтын топ барын айтады. Алайда тәртіп сақшыларына педофилдер тобы туралы да хабарланған жоқ. Аулаларды аралап, балаларды ұрлайтын ер адамдар тобы туралы ақпарат та – ескі фейк.