RSS лента

Бүйрегі алынған балалардың денелері туралы ақпарат тарауда

  • 09.10.2021, 16:32,
  • 1 104
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Танымал қазақстандық Telegram-чаттардың бірінде 17 жастағы екі жасөспірім хабар-ошарсыз кетіп, кейіннен олардың денелері бүйрегі алынған күйде табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ресми stopfake.kz сайты мұның бұған дейін әртүрлі елдерде тараған ескі фейк екенін жариялады.

 

Біріншіден, хабарламаның құрылымына назар аударған жөн. Автор оқиға «менің қаламда» орын алды деп айтады, бірақ елді мекенді, елді атамайды. Сондай-ақ оның қай күні, қай айда, қай жылы болғаны да көрсетілмеген. Одан әрі автор денелерді алғаш тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылмағананы жазады. Алайда, кейіннен жасөспірімдердің бүйрегі алынғаны анықталған. Денені тексерген мамандар неліктен үлкен жараларды зорлық-зомбылықтың белгісі деп таппағаны туралы айтылмайды.


Оқиғаның орын алған орны мен уақыты сияқты нақты фактілердің болмауы көбінесе фейк ақпараттардың белгісі болып табылады. 


Желіден басты сөздер бойынша іздеу еш нәтиже бермеді, демек, Қазақстанда БАҚ мұндай сұмдық жағдай туралы хабарламаған.


Дегенмен, бұған ұқсас хабарламалар көп. Мысалы, 2018 жылы Желінің ресейлік сегментінде жолдың жиегінен 6 жастан 8 жасқа дейінгі екі қыздың денелері табылғаны туралы әңгімелер тараған. Тексеру кезінде балалардың бүйрегі алынғаны анықталды. Кейіннен ІІМ елде мұндай жағдай орын алған жоқ, бұл хабарламалар фейк деп мәлімдеді.


Сол жылы осы сияқты ақпарат Үндістанда да болған. Онда ел бойынша органдары алынған балалардың денелері табылып жатыр деп айтылды. Мұндай хабарламалардың ешқайсысы расталған жоқ.

 

Демек, қазақстандық чаттарда балаларды ұрлап, органдарын «қара» нарықта сату үшін өлтіретіні туралы хабарламалар фейк. Мұндай хабарламалар 2018 жылы әртүрлі елдерде тарады, бірақ іс жүзінде мұндай оқиғалар болмаған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости