RSS лента

ПТР-талдау арқылы биоматериал алынатыны рас па?

  • 28.04.2021, 04:15,
  • 886
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Қазақстандықтар COVID-19 диагностикасы үшін ПТР-тестілеудің қажет екендігіне тағы да күмән келтіруде, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Telegram мессенджерінде тараған видеода КВИ экспресс-тесті көрсетілген. Оған су тамызса, нәтиже оң болып шығады. Осыған орай, Қазнет пайдаланушылары екі қорытынды жасаған: ПТР-тестілеу – бұл жасырын түрде биоматериал жинау жолы және тест-жүйелер ауруды анықтай алмайды. «Стопфейк» сайты бұл мәлімдемелердің бірде-біреуі дұрыс еместігін мәлімдеді.

 

Шын мәнінде, бұл хабарламада бұрыннан белгілі және теріске шығарылған бірнеше фейк бар.

 

Біріншіден, жедел тест ПТР талдауын алмастыра алмайды, өйткені олар әртүрлі жұмыс істейді және аурудың әртүрлі кезеңдерінде қолданылады. ПТР талдауы SARS-CoV-2 вирусының РНҚ болуын анықтайды. Экспресс-тесттер иммуноферменттік талдау (ИФТ) әдісі бойынша жұмыс істейді және қанда вирусқа антиденелердің барын көрсетеді. Яғни, инфекцияны жұқтырғаннан кейінгі алғашқы күндері жедел тестті қолдану мағынасыз, себебі ағзада антиденелер әлі қалыптасқан жоқ. Бұл екі диагностикалық әдістің арасындағы айырмашылық туралы толығырақ мында жерден оқи аласыздар.

 

Демек, ПТР-тест биоматериал жинау әдісі емес, ауруды бастапқы кезеңдерде диагностикалаудың сенімді жолы болып табылады.

 

Екіншіден, ПТР тесттер сияқты экспресс-тесттердің сенімділігін диагноз қою үшін шырын, су, газдалған сусындар мен жануарлардың қанын пайдалану арқылы тексерген дұрыс емес. Мұндай сынақтар адамның сілекейімен, қанымен және жұтқыншақтан алынған материалмен жұмыс істеу үшін арнайы калибрленген. Басқа ортада тест нәтижесі дұрыс болмайды және қате ақпарат береді.

 

Бұл тек COVID-19 тесттеріне ғана емес, сондай-ақ экспресс-диагностиканың басқа да әдістеріне қатысты. Мысалы, жүктілікті анықтауға арналған тест жолағына лимон шырынын тамызсаңыз, ол да оң нәтиже көрсетеді.

 

Үшіншіден, ПТР талдауы үшін материал алу кезінде гематоэнцефалитикалық тосқауылды зақымдау мүмкін емес. Жұтқыншақ пен оның арасында қалың бұлшықет тіні мен сүйек бар, оны мақта зондпен тесіп шығу мүмкін емес.

 

Қорыта айтқанда, хабарлама авторы айтқан болжамдар негізсіз және фактілерге қайшы келеді. Экспресс-тест пен оған су тамызу туралы видео мұндай талдау үшін адам қанынан басқа қандай да болмасын сұйықтықты қолдануға болмайтынын ғана дәлелдейді.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости