Орал қаласы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, қала басшысы Миржан Сатқановтың жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешімі шықты. Бұл туралы "Қазақпарат" мәлім етті. Шешімге сәйкес Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысына зардап шеккен нысандарды тексеру жүктелді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысы Қоржын ауылында үйлер су астында қалған болатын. Орал қаласы әкіміне қатаң сөгіс жарияланған еді.