RSS лента

Орал-Атырау тасжолында тағы да жол апаты: бес адам қайтты

  • 10.01.2024, 16:24,
  • 926
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 9 қаңтарда Жаңақала ауданында болған.


"Сағат 17:17-де Чапаев-Жаңақала жолы бойында Ақбалшық пен Пятимар ауылдарының арасында Toyota Estima және Hyundai SantaFe автокөліктері соқтығысып, бес адам мерт болды. Құтқарушылар марқұмдардың денесін автокөліктен шығарды" делінген хабарламада.


Бейресми мәлімет бойынша көз жұмғандар бір отбасынан болуы мүмкін.


Батыс Қазақстан облысындағы жол апаты бес адамның өмірін қиды

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости