"Оқиға кешкі сағат 19.30-да Сағыз ауылы бойындағы «Атырау-Ақтөбе» тас жолының 331 шақырымында болған. Атыс кезінде жарақат алған Р.Е, С.К, Ә.Б, С.Б, Б.Т және Қ есімді (фамилиясы нақтылануда) азаматтар Сағыз ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жеткізілген. Қосымша ақпарат хабарланады" делінген Атырау облысы полиция департаментінен алынған мәліметте.
Қосымша ақпараттардан белгілі болғанындай, оқиғаға ауыл жастарының арасындағы өзара қақтығыс себеп болған.
30 қазан күні сағат 19:30 шамасында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы тұсындағы Атырау-Ақтөбе тас жолының 331 шақырымында болған төбелеске қатысты тағы бір дерек белгілі болды.
Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, төбелес кезінде 5 адам атыс қаруынан, бір адам соққыдан дене жарақатын алған. Алған жарақат салдарынан 1985 ж.т., азамат Сағыз ауылының амбулаториялық ауруханасында қайтыс болды.
Қазіргі таңда, оқиға орнында Атырау облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмылдырылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2 бөлігімен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 1985 (3 адам), 1986 (1адам) жылғы тұрғындар қосымша ем алу үшін Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді.