RSS лента

54 адам ауруханаға түсті...

  • 09.07.2023, 19:28,
  • 392
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Атырауда жыл басынан бері тасжолдарда 35 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау облысы аумағын қиып өтетін республикалық маңызы бар тасжолдарда соңғы бес айда 35 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 23 адам қаза тауып, 54 адам әртүрлі дене жарақатын алған. Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілердің басып озу ережесін бұзуы және жылдамдықты шамадан тыс асыруы болып отыр.

 

Тасжолдарда жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасы қызметкерлері қоғам белсенділерімен бірлесіп, әртүрлі рейд жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, қоғам белсенділері тас жолдарда басып озу ережелерін өрескел бұзған көлік жүргізушілерін бейнетаспаға түсіріп, 102 арнасына хабарласу арқылы патрульдік полиция қызметкерлері аталған хабарлама бойынша тиісті іс-шараларды қабылдауда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.


Жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғатын құқық бұзушылықтың басты себебі - жылдамдықты шамадан тыс асыру. Осы мақсатта Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасы және облыстық прокуратура қызметкерлері мен жедел-жәрдем қызметі бірлесіп, қала сыртындағы тас жолдарда рейдтік іс-шаралар өткізуде. Іс-шара кезінде жылдамдықты шамадан тыс асырған, басып озу ережелерін бұзу деректері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақтары таратылды. Сондай-ақ, медицина қызметкерлері көлік жүргізушілерінің денсаулығын тексеріп, күннің ыстық уақытында демалу керегін, шаршаңқы күйде көлік басқармау керектігін ескертуде.


Бүгінгі күні үй жануарларының қатысуымен болып жатқан жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында республикалық маңызы бар автожолдар бойында полицейлер түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Жарық (сәуле) шағылыстыратын алқалар орнатудың маңыздылығы, жол-апаттарының алдын алу, жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіз жүруінің маңыздылығы айтылуда.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары мал иелеріне қала аумағында және республикалық маңызы бар автожолдар бойында үй жануарын қараусыз қалдыруы жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыруы мүмкін екендігін ескертеді.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости