29 қыркүйек күні сағат 15:50 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 548-шақырымында Ford Transit автокөлігінің 1956 ж.т. жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай қарсы бағытта келе жатқан Урал автокөлігімен және Лада автокөлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Ford Transit көлігінің 1967 ж.т. жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 5 адам әртүрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген.