18 қазан сағат 20:45 шамасында Toyota Camry маркалы автокөлігінің жүргізушісі – 43 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны Тараздың шығыс бағытымен Алматыға бара жатып, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автотрассасының 171-шақырымында жылқы малын қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан көлік жүргізуші көптеген дене жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды.
Қордай ауылының орталық аудандық ауруханасына жоғарыдағы көліктің екі жолаушысы түрлі дене жарақатымен жеткізілді. Тексеруден кейін автокөлік Қордай ауылындағы мамандандырылған тұраққа қойылды. Сондай-ақ, осы жол-көлік оқиғасының барлық жағдайларын объективті зерттеуге бағытталған басқа да қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.