RSS лента

Көлік тізгіндеген әкім жол апатынан қайтыс болды

  • 15.12.2020, 19:31,
  • 991
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Тарасов селолық округінің әкімі 51 жастағы Мирасхан Мұратов жол-көлік апатынан дене жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, рульге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кеткен«DAF» жүк көлігінің жүргізушісі әкім жүргізіп келе жатқан «ВАЗ-21214» көлігімен соқтығысқан.

 

«14 желтоқсан күні сағат 23.10-да «Алматы-Екатеринбор» автожолының 978-інші шақырымында Атбасар қаласынан қайтып келе жатқан Тарасов селолық округінің әкімі Мирасхан Балғабекұлы Мұратов қаза болды. Ол Атбасар қаласына стендтерге тапсырыс беру, қызметтік көлігінің майын ауыстырып, техникалық байқаудан өткізу үшін барды. Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізілуде» делінген әкімдік таратқан ресми хабарламада.

 

Айта кетейік, Мирасхан Мұратов 1969 жылы 10 мамырда туған. 2019 жылдың қараша айынан бастап – Жақсы ауданы Тарасов селолық округінің әкімі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости