Кеше, 26 қыркүйек сағат 16.30-да “ВАЗ-21150” автокөлігінің жүргізушісі Нокин даңғылымен Әкімжанов көшесі жағынан М.Мәметова көшесіне қарама-қарсы “Альтаир” ЖҚС алдында реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпесінде тоқтаған көлік құралының алдында жаяу жүргіншілер жоқ екеніне көз жеткізбей, 29 жастағы велосипедшіні қағып кетті. Ол көлік құралының жүрісі бойынша жолдың жүру бөлігін оңнан солға қарай жүріп өтпек болған.
ЖКО-ның нәтижесінде, велосипедші Ақтөбе қаласының Жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Полиция департаменті велосипедшілер жолды кесіп өту кезінде асығуы керек, жолдан жаяу өтугеміндетті екенін еске салады.
– Ережелерде жолды кесіп өту кезінде велосипедтен түсіп, қасына алып жүріп өтуге нақты нұсқау бар. Бірақ, өкінішке орай, жолдан олай өтетін адамдар аз. Тіпті баяу жүретін велосипедші жаяу жүргіншіге қарағанда әлдеқайда жылдам, және көлік жүргізушісі оның жолдан өтетініне реакция жасауға үлгере алмауы мүмкін, әсіресе, машиналар жол жиегіне жақын тұрған кезде, – деп түйіндеді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.