Тасжолдағы көліктер көктайғақтың «тұтқынында» қалған еді. Дегенмен құтқарушылар дер кезінде жетіп, жүргізушілер мен жолаушыларға көмек қолын созды. Облыстық ТЖД ақпаратына сүйенсек, Өскемен-Риддер тасжолында, Михайловка және Секисовка ауылдарының орта тұсында, қырық шақты көлік тайғақтап, тоқтап қалған.
Бір көлік басқару бермей жол шетіне шығып кеткен көрінеді. Автомобильде екі ересек адам және үш бала болған. Бірақ зардап шеккен ешкім жоқ. Глубокое ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бұл жолаушыларды жедел эвакуациялап, Быструха елді мекеніне жеткізді. Құтқарушылар тасжол тазаланды дегенше өзге де жолаушыларға қол ұшын берді.