Өндірістегі инновация – табыстың кепілі
Қазіргі экономикалық жағдайда инновациялық технологияларды енгізу – өндірісті жаңғыртудың басты жолы. Қазақстанның экономикалық дамуының қиын кезеңінде бұл мәселе одан сайын өзекті. Білікті мамандар шоғырын қалыптастыру арқылы ғана өндірістің тиімділігін арттыруға болады. Әлемдік тәжірибеден көріп отырғанымыздай, АҚШ, Франция, Германия, Жапония сияқты елдерде еңбек өнімділігі өте жоғары. Бұл елдер инновацияға көп көңіл бөледі, соның арқасында өндірістің барлық кезеңінде тиімділік артып, бәсекеге қабілеттілік күшейеді.
Біздің елде өнімділік деңгейін арттырудың басты кедергісі – негізгі өндірістік қорлардың тозуы және жаңа технологияларды толық қолданудағы қиындықтар. Сарапшылардың пікірінше, отандық кәсіпорындарды модернизациялау арқылы жаңа өндіріс орындарын ашып, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға болады.
Жас мамандар – өндірістің тірегі
Теңізшевройл компаниясы жас мамандардың тәжірибесін дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Инженер Ақтоты Бекетова өндірістегі жұмысын былай сипаттайды:
Құрылысшы-геодезист Темірхан Ізқайыров жас мамандардың кәсіби дамуын атап өтті:
Жетекші инженер-механик Нұржан Жәкішев те өз тәжірибесін бөліседі:
Жетекші инженер-электрик Алексей Мусолов еңбек қауіпсіздігі мен өнімділіктің байланысын атап өтті:
«Ақылды» кен орындары – технологиялық серпін
Жаңа кеніштердің бірінде еліміздегі алғашқы «Интеллектуалды кен орны» жобасы іске қосылды. Мұндағы басты мақсат – кен орнын бір орталықтан басқару арқылы өндірістік тиімділікті арттыру. Нәтижесінде қосымша мұнай өнімі бірнеше пайызға өсті, ұңғыларды жөндеу мерзімі қысқарды, электр қуатын үнемдеу 35%-ға жетті. Әр ұңғының «тыныс-тіршілігін» орталықтан бақылау ескі кен орындарының екінші тынысын ашуға мүмкіндік берді. Бұл – инновациялық технологиялардың өндірісте нақты табыс әкелетінін көрсететін мысал.
Ғылыми жаңалықтар мен патенттердің рөлі
Қазақстандық ғалымдар мен инженерлердің ғылыми жаңалықтары өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұрғының ұшы тереңге жіберілмес бұрын мұнай мен газ қабаттарының бар-жоғын болжауға арналған геофизикалық әдістер апаттардың алдын алды. Алайда көптеген патенттер тек қағаз жүзінде қалып келеді. Сондықтан жас мамандар мен зерттеушілердің күшін біріктіріп, инновациялық жобаларды өндірісте іске асыру – басты міндет.
Жергілікті жоғары оқу орындарында ғалымдардың ғылыми жетістіктері «Инновациялық жобалар» атты каталогта жинақталған. Мұнда химия, экология, мұнай тасымалдау, бұрғылау, табиғи энергия көздері саласындағы қырыққа жуық патент таныстырылды. Бұл – жас ғалымдар мен инженерлердің өндірісте қолдануға болатын әлеуетінің айқын дәлелі.
Еңбек өнімділігі мен қауіпсіздік – бір бағытта
Мұнай-газ саласында қауіпсіздік пен еңбек өнімділігі бір-бірімен тығыз байланысты. Жас мамандардың кәсіби шеберлігі мен инновациялық әдістер өндірістің тиімділігін арттырып, апаттардың алдын алады. Интеллектуалды бақылау жүйелері, модернизацияланған қондырғылар, жас мамандардың белсенділігі – өндірістің жаңа деңгейге шығуына септігін тигізеді.
Түйін
Теңізшевройл компаниясының тәжірибесі көрсеткендей, жас мамандардың кәсіби шеберлігі мен инновациялық технологияларды қолдану ел экономикасына нақты пайда әкеледі. 2025 жыл – Жұмысшы амандықтары жылы бола отырып, кәсіпорындарда қауіпсіздікті арттыруға, өндірістің тиімділігін жоғарылатуға және жас мамандардың кәсіби дамуына серпін беруде.
Сондықтан инновацияны қолдау, патенттелген жаңалықтарды өндірісте қолдану, жас кадрларды оқыту мен шеберлігін арттыру – тек кәсіпорынның ғана емес, бүкіл ел экономикасының дамуына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін жас мамандар – ең құнды капитал, ал инновация мен интеллектуалды басқару жүйелері – табыстың кепілі.
Әділет ҚАНАТҰЛЫ
Мұнай-газ саласын жаңа деңгейге көтеру үшін не істеу керек?
1.Автоматизация;
1.Роботизация;
3.Шикізат қорын шектеу;
4.Экологизация;
5.Жұмысшылардың жаңа буыны;
6.Тұтыну құрылымын қайта құру.
Мұнай-газ саласындағы еңбек нарығы қалай қалыптасады?
1.Қызметкерлер саны азайып, қол күшін техника алмастырады;
2.Геологтар мен кен орны басшылары жан-жақты машықтанады (data-science);
3.Аутстаффинг негізінде мамандар тартылмақ;
4.Кәсіпорын ішінде қызметкерлер білімдерін толықтырады;
5.Қашықтықтан жұмыс жасайтын қызметкерлер қатары артады.
Мұнай-газ саласындағы жаңа мамандықтар қандай?
1.Digital-геолог;
2.Digital-технолог;
3.Smart-field жүйесін жасақтаушы;
4.Мұнай қайтарымын көбейтуші инженер;
5.HR-геймификатор;
6.AR/VR оқыту маманы;
7.Кен орындарын барлау операторы;
8.жедел басқару орталығының операторы;
9.Модульді бұрғылау стансаларын үйлестіруші.



