RSS лента

Алматыда ауыл шаруашылығындағы озық технологиялар орталығы ашылды

  • 03.04.2025, 09:01,
  • 35
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Алматыда Қазақстан-Ресей ауыл шаруашылығы саласындағы озық технологиялар орталығы ашылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Орталық Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында ҚР Ұлттық ғылым академиясының қолдауымен, Ресей ғылым академиясы және Қазақстан мен Ресейдің жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесе отырып құрылды. Озық технологиялар орталығы екі елдің жетекші ғылыми мекемелерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Ол тәжірибе алмасу, инновациялық шешімдер әзірлеу және ауыл шаруашылығына жоғары технологиялық тәсілдерді енгізу үшін бірегей алаңға айналады.

 

Орталықтың басты мақсаты – Қазақстан мен Ресей ғалымдарының бірлескен зерттеулерін жүзеге асыру және инновациялық жобаларды дамыту. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының геномдық селекциясы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу; АӨК-тегі цифрлық технологияларды дамыту және ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға арналған инновациялық шешімдерді енгізу; тұрақты агротехнологияларды енгізу, соның ішінде көміртек және көміртекті үнемдейтін егіншілік технологияларын дамыту арқылы экологиялық қауіпсіздік пен ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын арттыру; ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу технологияларын әзірлеу, жоғары қосылған құны бар жаңа өнім түрлерін жасау.

 

Орталық агротехнологиялар саласында жаңа стартаптар құрудың катализаторы болмақ. Бұл Қазақстан мен Ресейдің ғылыми және технологиялық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. Бірлескен зерттеулер мен әзірлемелер екі елдің ауыл шаруашылығында инновациялық шешімдерді кеңінен енгізуге серпін беріп, азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы саласының тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости