Бұл туралы "Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобынан" білдік.
6 тамызда сағат 16.00-де Атырау қаласы, Ақжайық ауылы Нұржанов көшесіндегі үйдің ауласында орналасқан жалпы ауданы 16х6 м. уақытша тұрғын үйдің ішінде тоқ қорапшасының қысқаша тұйықталу салдарынан өрт оқиғасы орын алып, көрші орналасқан жалпы ауданы 15х6м. болатын бір қабатты тұрғын үйдің төбесінің өртенуі болған.
Өрт сағат 16.41-де оқшауланып, сағат 17.03-те толықтай жойылды. Өрт сөндірушілер өрттен аулада орналасқан ауданы 11×17 ш.м. екі қабатты тұрғын үйді және ауданы шамамен 12×12 ш. м. көрші үйді құтқарды.
Өрт сөндіруге Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Атырау облысы ТЖД ескертеді: өрт қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаңыздар.