«Бүгін сағат 16-00-де Мясокомбинатская көшесі, 69 мекенжайындағы «Дина» базары аумағының сыртында орналасқан азық-түлік өнімдерін сақтайтын бір қабатты жеке қойма ғимаратының бір бөлігі өртенді. Жану ауданы шамамен 400 шаршы метрді құрады. Жалпы ауданы — 690 ш.м. Зардап шеккендер жоқ. Тарату жұмыстарына Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі 30 қызметкері мен 8 бірлік техникасы, сондай-ақ «Өрт сөндіруші» АҚ-ның 5 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда» делінген Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.