RSS лента

Теңіз кең орнынан өрт шықты

  • 02.03.2022, 23:43,
  • 574
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Кеше Атырау облысының Жылыой ауданында Құлсары қаласынан 90 шақырым жерде Теңіз кен орны аумағындағы «NASAR SOLUTIONS» ЖШС аумағында шыққан өрт 2800 шаршы метрге дейін тараған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Жақын жерде орналасқан ашық контейнерлерде, металл бөшкелерде және пластик ыдыстарда жалпы ауданы шамамен 2800 шаршы метрді құрайтын сұйық жанғыш қалдықтар тұтанған. Өрт салдарынан жүк көтергіш (Car) жанып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


Өртті сөндіруге Теңіз кен орнының Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 17 қызметкері мен 4 техникасы, «COCR» ЖШС-нің 6 қызметкері мен 2 техникасы, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.


Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Асхат Ержановтың мәліметінше, «Nasar Solusion» ЖШС-нің қалдықтарды басқару кешенінің аумағында мұнай қалдықтары жанған.


«Бұл серіктестіктің қалдықтарды басқару кешені жоғары тәуекелі бар деңгейге жатады. Сол себептен, былтырғы қыркүйекте серіктестікке тексеру жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғаны анықталды. Соған байланысты заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. Ал, 1 наурызда болған өрттің салдарынан «Car» маркалы 1 жүк көтергіш техника, 20 контейнер, 70 пластмасса ыдыс (1 тонна), сондай-ақ, 60 металл бөшке (200 литр) жанып кетті. Жалын шарпыған аумақ 2 800 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 16:40-та басталған. Оқиға орнына алдымен «Теңізшевройл» ЖШС-нің өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінен 17 қызметкері мен 4 техникасы, «COCR» ЖШС-нен 6 қызметкер мен 2 техника жетті. Кейін сағат 18:58-де Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан №9 өрт сөндіру бөлімінен 12 қызметкер мен 2 техника қосылды. Өрттің болжамды себебі – отты абайсыз қолдану», — дейді Асхат Ержанов.


Оның айтуынша, аталған нысан биылғы жылдың екінші тоқсанында ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне енгізіледі. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости