Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы хабарлағандай, 31 шілдеде сағат 17:03 Атырау қаласы, Қ.Сатпаев 5 «д» мекен-жайында орналасқан пәтерлердің біріне шақырту түсті.
Шақырту орнына жеткен бойда, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары авариялық- құтқару инструменттері арқылы темір есікті тез арада ашты.
Есікті ашқан кезде 1996 жылғы азаматша К.Б-ның талмасы (судорог) ұстап қалғандығы анықталды. Құтқарушылар науқасты жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Құтқарушылардың шұғыл әрекетінің нәтижесінде адам өмірі құтқарылды.