Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз өкілі Мейірім Ердәулеттен білгеніміздей, 25 шілде күні сағат 19:30 шамасында Атырау қаласының 1958 ж.т. тұрғыны өзінің 1992 ж.т. қызының пәтер есігін ашпай жатқаны туралы хабарлаған.
Аталған хабарлама бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері есікті ашып, пәтер ішінен 1992 ж.т. әйел мен 1996 ж.т. ер адамның мүрдесі анықтады. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен тергеу жүргізілуде.
Анықталған ақпараттарға сәйкес қайтыс болған азаматтар ерлі-зайыпты болған. Ортақ төрт баласы бар. Аталған пәтерді 1992 ж.т. азаматша бір ай бұрын жалға алған.
Әзірге бейресми мәлімет бойынша әкесі әуелі әйелін тұншықтырып өлтіріп, кейін өзі асылып қалған. Не үшін олай жасағаны әзірге белгісіз.