RSS лента

Атыраудағы атыстың себебі анықталды

  • 16.03.2022, 02:32,
  • 1 186
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

15 наурыз күні түнде Атырау қаласындағы «Авангард» ықшамауданында атыс болды. Оған әйел адамның себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қаза тапқан жігіттер – сол әйел адамның туыстары екен. Қазір полицейлер үш жігітті атып өлтіріп, біреуін ауыр жаралаған күдіктінің тапанша мен оқ-дәріні қайдан алғанын анықтап жатыр.


"Осы іске күдікті Маңғыстау облысының 1993 жылы туылған азаматы анықталып, ұсталды. Бұрын ешқандай соттылығы жоқ азамат. Қазіргі таңда Қылмыстық Кодекстің 99 бабы, 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Әлеуметтік желіде ақпараттар тарады. Полицейлерден қаңтар оқиғасы кезінде тартып алынған мылтық қарулар арқылы болған атыс деп. Бұл ақпараттардың жалған екендігін айтқымыз келеді. Тапаншамен атылған оқтан қайтыс болған азаматтар" дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз өкілі Мейірім Ердәулет.


Қайғылы оқиға кеше кешкі сағат 10 шамасында болды. Оқиға сол маңдағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазбадан автокөліктің тоқтап, оған күдіктінің жақындап келе жатқанын көруге болады. Бірер секундтан кейін ол көліктен шыққан адамға оқ жаудырып, артынша жүргізуші мен жолаушыға да оқ атқан. Кейін қылмыскер қаруын қалтасына салып, оқиға орнынан кетіп қалады. Полицейлер 23 және 27 жастағы екі азаматтың оқиға орнында жан тапсырып, 27 жастағы тағы бір жігіттің ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгендігін айтты. Аздан соң атыс болған жерден 23 жастағы және бір азаматтың денесі табылды. Тәртіп сақшылары күдіктіні бірнеше сағаттан кейін қолға түсірді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости