Атырау облыстық полиция департаментінің бөлім басшысы Мейірім Ердәулеттің айтуынша, оқиға Балықшы-Жұмыскер көпірінің астында орын алған. Оған екі жігіттің өзара келіспеушілігі себеп болған. Оң жақ аяғына оқ тиген жігіт облыстық ауруханадан бір-ақ шыққан. Кейін емханаға ауыстырылған. 21 жастағы күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 293, яғни, "Бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Анық-қанығы тергеу аяқталған соң белгілі болмақ.