RSS лента

Даяшыға жұдырық жұмсаған жігіт кешірім сұрады (+видео)

  • 30.07.2021, 04:23,
  • 1 357
  • 0
  • Автор:
Автор фото: скриншот

Алматыда ер адам үстіне абайсызда сусын төгіп алған даяшыға қол жұмсады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, аталған іс бойынша 29 жастағы жігіт ұсталды. Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр.

 

Кейін бұзақының жәбірленушіден кешірім сұраған видеосы пайда болды.

 

«Келеңсіз оқиға болды. Даяшы байқаусызда үстіме кофе төгіп алды. Сол үшін мен оған қол көтердім, қатты ұрған жоқпын. Бірақ бәрібір де бұл қылығым дұрыс болмағанын түсінемін. Жұртшылықтан, жәбірленушіден кешірім сұраймын» деп ақталды бетін медициналық маскамен жауып алған жігіт.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости