Еске сала кетейік, 46 жастағы қазақстандық 21 қыркүйекте украиндық блогердің ютуб-каналында заңға қайшы пікірлер айтқан болатын.
Келесі күні, яғни, 22 қыркүйекте Божконың кешірім сұраған видеосы тарады. Сондай-ақ, полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалып, тергеу ісі басталып кетті. Күдікті 7 жыл бас бостандығынан айырылу мүмкін екендігі хабарланды.
«Tobolinfo» басылымының мәліметінше, 5 қарашада Рудный қалалық сотында Божкоға қатысты сот үкімі шықты.
«Рудный қалалық сотынының үкімімен ҚК-тің 174 бабы 1 тармағы бойынша Рудный қаласының тұрғыны Б. сотталады, - деп хабарлайды Рудный қалалық сотының баспасөз қызметі. – Сотталушының кінәсі бейнежазба және сараптама қорытындысы арқылы дәлелденді. Сот оған екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті» делінген аталған басылымда.
Үкім әлі заңдық күшіне енген жоқ.