Дыбыстық сигнал — бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосып, қалыптасқан жағдайда одан әрі іс-қимыл жасау жөніндегі нұсқаулықтарды алу үшін интернет-ресурстарда ақпаратты оқып шығуыңыз керек.
"Атырау облысы тұрғындарынан сигнал бойынша ешқандай әрекет жасамауды, тыныштық пен тәртіпті сақтауды сұраймыз" деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.