RSS лента

«Ashyq» қосымшасында ақаулар орын алуда…

  • 03.08.2021, 15:31,
  • 352
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүйесінде техникалық ақаулар орын алып жатыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Мұса Хайруллиевтен білгеніміздей, әзірге база жөнді жұмыс жасамай тұр екен.

 

«Ақаулар реттелмейінше, ХҚО бөлімдеріне жүгінуді тоқтатқаныңыз дұрыс. Броньдап қойған уақытыңыз бойынша, сізге база қызметі тұрақталғаннан кейін тиісті қызметтер көрсетілетін болады. Халықтың көп шоғырланатын жерлеріне, індеттің таралмау мақсатында жиналмауыңызды сұраймын.

 

Сондай ақ, 2-тамыздан бері Ashyq қосымшасында да ақаулар туындап отыр. Ол бойынша ресми ақпаратты https://t.me/ashyqkz/137 телеграм желісі хабарлады. Жағдай бойынша әлеуметтік желіде хабарлап отырамыз. Туындаған кемшіліктер үшін сіздерден кешірім сұраймыз» деді ол бізбен әңгімесінде.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости