RSS лента

Ресейде де ПТР-сынамасыз жүре алмайды

  • 14.07.2021, 15:29,
  • 555
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстандықтар  Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны кесіп өту үшін «Covid-19-сыз саяхаттаймын» қосымшасы арқылы коронавирусқа ПТР-тестінің теріс нәтижесінің бар-жоғын растауы қажет, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта Ресейде қазақстандық электронды вакцинация төлқұжаттары жарамсыз болып отыр. Ресейдегі қазақстандықтар жаңа ережелерге байланысты қандай проблемаларға тап болғанын айтты.

 

«Covid-19-сыз саяхаттаймын» қосымшасы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне саяхатқа шығуды жоспарлап отырғандарға арналған. Оның көмегімен сіз жақын жерде орналасқан және бағдарламаға енгізілген зертханаларға ПТР тестін тапсыруға және қабылдауға жазыла аласыз. Тестілеу нәтижелері тікелей қосымшаға шекарада көрсетілуі керек QR коды түрінде келеді.

 

Болашақта қосымшада ЕАЭО елдерінен келетін адамдардың вакцинациялау паспорттары көрсетілетін болады. Бірақ, әзірге онда қазақстандық паспорттар туралы ақпарат жоқ.

 

Еуразиялық даму банкінің баспасөз қызметі (қосымшаны әзірлеушілер) вакцинация паспорттары туралы ақпаратты интеграциялау бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады.

 

«Қазақстан Үкіметімен «Сovid-19-сыз саяхаттаймын» қосымшасында ел азаматтарын вакцинациялау туралы ақпарат беру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Іске асыру мерзімі бойынша кейінірек хабарланады», — деп хабарлады ЕАДБ баспасөз қызметі.

 

Сонымен қатар, Мәскеуде қоғамдық тамақтану орындарына немесе бұқаралық іс-шараларға тек вакцинациядан өту туралы ақпаратты немесе нақты теріс ПТР тестінің болуын көрсететін QR коды болған жағдайда ғана баруға болады. Кіреберісте адамдар QR-код пен жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуі керек.

 

Яғни, ресейлік «Спутник V» вакцинасымен егілген қазақстандықтар да Ресейге кіру және Мәскеудегі мекемелерге бару үшін ПТР-тест тапсыру қажет.

 

«Біз отбасымызбен Мәскеуге күйеуіміздің жұмысы бойынша келдік. Шығар алдында «Спутник» вакцинасының екі дозасын алдық. Біз ресейлік вакцинаны алғандықтан вакцинация паспортымен мәселелер туындамайды деп ойладық. Бірақ Мәскеуде карантин күшейтілді, барлық мейрамхана мен көптеген жабық мекемеге кіру тек QR код бойынша жасалады. Ал ол кодты Ресейде вакцина алу, ПТР немесе антиденелер сынағын тапсыру арқылы алуға болады. Егер де сен Қазақстанда ауырып, Ресейде антиденелерге тест тапсырсаң, онда саған QR-код берілмейді, өйткені ресейлік базада сен ресми ауырып, медициналық көмекке жүгінгеніңнің жазбасы болмайды. Нәтижесінде біз заңнан тыс қалдық. Вакцина бар, вакцинация паспорты бар, бірақ Ресей үшін бұл ештеңе де білдірмейді», — деп бөлісті қазақстандық.

 

Оның айтуынша, мейрамханаға, кафеге немесе мұражайға бару үшін ПТР тестін тапсыру керек.

 

Әзірлеушілер жүйенің әлі де дамитынына және кейіннен вакцинациядан өткен және антиденелер саны туралы ақпаратты көрсететініне сендірді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости