Сөйтіп, жеке пайдалануға арналған автомобильдерді уақытша әкелген азаматтар ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін оларды ЕАЭО аумағынан алып шығу міндетінен босатылды.
Шешім короновирустық инфекцияның таралуының алдын алуға және болдырмауға бағытталған шараларды қабылдауға және жеке тұлғалар үшін Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес міндеттерді орындау мүмкін еместігіне байланысты қабылданды.
Бұл шешім COVID-19 пандемиясы кезіндегі жұмыс туралы кеден әкімшіліктері үшін жарияланған Дүниежүзілік кеден ұйымының ұсынымдарына сәйкес келеді.
«Шешім ЕАЭО Кеден кодексіне сәйкес үшінші елдерде тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одақ аумағына уақытша әкелуге 1 жылдан аспайтын мерзімге ғана рұқсат берілетініне байланысты қабылданды» делінген комитет хабарламасында.