Бұл рейтингті аймақтардағы мемлекеттік басқару мен өмір сүру сапасы негізінде CSI стратегиялық дамыту орталығының нұсқасы бойынша әзірленген.
Дамыту орталығының аға серіктесі, экономист Олжас Худайбергенов өзінің Facebook парақшасында, рейтинг – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік-экономикалық қызметті ынталандыру, өмір сапасы, мемлекеттік басқару сапасы көрсеткіштері бойынша жасақталған.
– Рейтинг бойынша облыстардың ешқайсысы 100 балл жинай алмады. Атырау облысы максималды көрсеткішке ие (76 балл). Үздік жетілікке Ақтөбе облысы (2 орын), Алматы (3) және Нұр-Сұлтан (4) қалалары, Қарағанды (5), Павлодар (6) және Шығыс Қазақстан (7 орын) облыстары енді.
Рейтинг алғашқы 7 өңір бойынша жалпыға бірдей мәліметтерді ұсынады. Басқа өңірлердің мәліметтері сол өңір басшыларына ішкі талдау үшін ғана ұсынылатын болады. Бұл рейтингтің сындарлы қабылдауын қамтамасыз ету мақсатында жасалады, – деді О.Құдайбергенов.