Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Шығыс Қазақстан облысы Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының деректеріне сәйкес, коронавирустың таралу қарқыны бойынша «жасыл» аймаққа ауысты.
Ресми coronavirus2020.kz мәлімдегендей, матрица Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сайтында жарияланған.
«Қызыл» аймақта тек Атырау облысы ғана қалды. «Сары» аймақта СҚО, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары орналасқан. Бұған дейін Нұр-Сұлтан Covid-19 таралу деңгейі бойынша «қызыл аймақта» болған.