RSS лента

Атырауда төтенше жағдай жарияланды

  • 07.04.2024, 18:17,
  • 541
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев өзінің әлеуметтік парақшасында мәлім етті. "Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімге Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қол қойды.


Айта кетейік, 7 сәуірі сағат 8:00 шамасындағы гидрологиялық мониторинг мәліметі бойынша жоғарғы Жайықтың (Ресей) су деңгейінің көтерілуі жалғасуда. Батыс Қазақстан облысындағы Январцево су бекетінде су деңгейі тәулігіне 28, Жайықта 9, Көшімде 26, Тайпақта 51 сантиметрге көтеріліп отырғаны байқалады.

 

«Жайыққа келсек, өткен тәуліктерде Индербор кентіндегі гидробекетте су деңгейі 55, ал, Батыс Қазақстан облысынан қосылатын судың есебінен су тасығаннан бері жалпы су көтерілу деңгейі 139 сантиметрге жетіп отыр. Махамбет ауылында су 42, Атырау қаласында 8 сантиметрге көтерілді. 7 сәуірде Иректі су қоймасынан жіберілетін су көлемі 1670 текше метрді құрайды» делінген хабарламада.

 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости