RSS лента

Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды

  • 07.04.2022, 00:43,
  • 6 843
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Президент Жарлығымен Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі "Ақордаға" сілтеме жасап.

«Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылсын» делінген Президент жарлығында.


Серік Жамбылұлы 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген.


Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді. 2012 жылғы тамыздан бастап 2015 жылғы қаңтар - Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2015 жылғы қаңтардан бастап 2016 жылғы шілде - ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.


2016 жылғы шілдеден бастап 2018 жылғы маусым - Атырау қаласының әкімі. 2018 жылғы маусымнан бастап 2020 жылғы маусым - Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2020 жылғы маусымнан бастап 2021 жылғы қаңтар - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2021 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости