Мессенджерлерде Еңбекмині ҚҚС үшін өтемақы төлемін енгізгені туралы ақпарат таратылуда. Қаражатты аудару үшін белгісіз азаматтар сілтемеге өтуді ұсынады.
Министрліктің айтуынша, әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ! Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз.
Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.
Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын ұмытпаңыздар!