RSS лента

Қоғамдық қауіпсіздік күшейтіліп жатыр...

  • 19.01.2024, 03:06,
  • 216
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Ішкі істер органдары алдын алу шаралары кешенін күшейтіп, іске асыруда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын енгізу жөніндегі жұмыс шеңберінде полицияның қоғамдық орындарда барынша қатысуының әсерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдануда. Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты.


«Күн сайын қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қорғауға 14 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жұмылдырылады. Олар көшелерді, саябақтарды, скверлерді, аулаларды, қоғамдық орындарды қадағалайды», – деді спикер.

 

Азаматтар көп жиналатын орындарда және криминогенді аудандарда тәулік бойы 193 модульдік полиция бекеті жұмыс істейді. Ішкі істер органдары жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарда визуалды бақылау орнатты.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости