RSS лента

5 күнде қоғамдық көліктің 300 мас жолаушысы анықталды

  • 16.01.2024, 14:57,
  • 246
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Республикалық “Тасымалдаушы” жедел алдын алу іс-шарасы аяқталғанын ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Полиция мәліметінше, операцияның бес күнінде полицейлер 1,2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру – 2, алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу – 325, белгіленбеген орындарда темекі шегу – 90, оның ішінде автобус жүргізушілері – 27, ұсақ бұзақылық – 51, қоғамдық орындарды ластау – 359, автобустарда және аялдамаларда тиісу – 431.


Щучинск және Тараз қалаларында адамдардың ескертулерін елемеген мас жолаушылар ұсталған. Ер адамдар 2 жағдайда да маршруттық автобустарда шу шығарған. Олардың әрқайсысына қатысты қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды.


Сондай-ақ Павлодар облысында тәртіп сақшылары автобус терезесінен қоқыс тастаған жолаушыны жауапқа тартты. Құқық бұзушыға қатысты жалпы пайдаланымдағы орындарды ластағаны үшін әкімшілік хаттама жасалды. Полиция қызметкерлері рейд барысында қоғамдық көліктің жұмысына мыңға жуық жасырын тексеру жүргізді, соның нәтижесінде 337 бұзушылық анықталды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости