RSS лента

Бүгіннен бастап балағат сөз үшін 69 мың айыппұл төленеді

  • 06.03.2023, 09:41,
  • 467
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/thephilippena

6 наурыздан бастап балағат сөз үшін айыппұл 69 мың теңгені (бұрын 17 250 теңге болған) құрайды немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады, деп хабарлайды Turantimes.kz

Бұған дейін Polisia.kz сайтында ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығының міндетін атқарушы Азамат Құрымбаев балағат сөздерді қолданғандарға қарастырылатын жаза түрлері жайында сұрақтарға жауап берген еді.


Оный айтуынша, Қазақстан заңнамасында балағат сөздер үшін жауапкершілік бұрыннан көзделген. Мысалы, қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде қорлау – бұл қылмыстық теріс қылық. Оны жасағаны үшін жауапкершілік 100 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде немесе 120 сағатқа түзеу, я болмаса қоғамдық жұмыстар түрінде көзделген. 


Бұдан әрі құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұрған адамдарға айқын құрметсіздік білдіретін және қылмыс құрамын қамтымайтын балағат сөздер мен басқа да әрекеттер әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Жаза сот арқылы ескерту немесе 5 тәулікке дейін қамауға алу түрінде болуы мүмкін. 


Ұсақ бұзақылыққа келетін болсақ, бұл қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды бұзу, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті бүлдіру және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер түрінде көрінеді. Басқаша айтқанда, ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілік қоғамдық орындарда, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіру, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзып, балағат сөздер айтылған жағдайда ғана туындайды.


Осы жылдан бастап ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жаза күшейтіледі. Бұл, ең алдымен, қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу мақсатында жасалды. Қазір автобуста біреу балалардың немесе аға буын адамдардың көзінше, яғни қоғамдық орында, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқан жағдайда, бұл үшін айыппұл енді 69 мың теңгені құрайды немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости