«Бұл барлық смартфонда бар технология. Бұл қарапайым функция болғандықтан, жаңашылдыққа жатпайды. Бұл жерде мәселе жеке басқа қатысты жайтқа келіп тіреледі. Сондықтан бұл функция «Сергек» жобасында жоқ. Ол тек қоғамдық талқылаулар мен заңның аясында ғана шешіледі.
«Сергек» жол апттарының азаюына да септігін тигізді. Бұл полиция, әкімдік пен прокуратураның бірлескен жұмысы. «Сергек» камералары жолда ғана емес, сонымен қатар қоғамдық орындарда да орнатылған. Қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Атырау қалаларына жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта еліміздің өзге де аймақтарына қойылады» дейді ол.