"Сіздің ойыңызша, көшеде түкіруге заңды түрде тыйым салу керек шығар? Еуропада мұндай нәрсе жоқ. Ал бізде барлық аялдамалар, қоғамдық орындарда түкіріктерден аяқ алып жүргісіз... ",- деп сұрады журналист ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.


"Мен - тек келісемін. Мен қоғамдық орындарда тыйым салуды толығымен қолдаймын. Бұл мәдениетсіздік, бұл жеке бастың гигиенасы. Мен сіздің ұсынысыңызды қолдаймын. Біз, бәлкім, осындай бастаманы депутаттарға ұсынуымыз керек шығар", - деді Ажар Ғиният.


Министр ұсыныс туралы ойлану керек екенін айтты. Оның айтуынша, кез-келген тыйымнан кейін жазалау керек. Бұл бастаманы жұртшылықпен талқылау қажет.