RSS лента

Тоқаев: Ішкі істер министрлігі – мемлекеттік басқару жүйесінде айрықша рөл атқаратын құрылым

  • 30.06.2023, 12:12,
  • 386
  • 0
  • Автор:
Автор фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісін өткізді, деп хабарлайды Turantimes.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. 

Мемлекет басшысы сөзінде енгізіліп жатқан полиция қызметінің сервистік моделін атады. 


«Жұртқа жақын полиция» қағидатын орнықтыру үшін нақты шаралар қабылдануда. Осы қарқынды тоқтатпау керек. Пилоттық жоба аясында қол жеткен жетістікпен шектеліп қалуға болмайды. Ашығын айтқанда, қызмет көрсетудің сервистік моделі туралы тек мамандар ғана айтып жүр. Қарапайым азаматтар мен қоғам өкілдері пікір білдіріп жатқан жоқ. Бұл – халық оның нақты нәтижесін, оң өзгерістерді көріп жатқан жоқ деген сөз», - деді Президент. 


Сонымен қатар қоғамда өзекті алаяқтардың айласына тоқталды. Құқық қорғау органдары алаяқтарға қарсы табанды күрес жүргізуге тиіс деп атап өтті. 


Бұған қоса жастардың арасында заң сауатсызды кеңінен таралғанына назар аударып, полицияның жоғары деңгейдегі өкілдері университеттерге, мектептерге барып, заңдарды жастарға түсіндіруі керек деді. 


Президент азаматтардың арыз-шағымдарын барынша жылдам әрі кәсібі түрде қарастырылу мәселесіне қатысты: 


«Бүгінде азаматтарымыз өздерінің заңды құқықтарын, конституциялық бостандықтарын және жеке меншігін қорғау үшін мемлекетке жүгінеді. Олар қиын жағдайға тап болғанда билік өкілдері әділдікті тез арада қайта орнатады, кінәлілерді жауапқа тартады және шығынды өтеуге көмектеседі деп үміттенеді. Сондықтан арыз-шағымдарды барынша жылдам әрі кәсіби түрде қарастырып, әрекет ету қажет. Алайда шағымдардың көптігі құқық қорғау жүйесінің бұл міндетті тиісті деңгейде атқара алмай жатқанын көрсетеді. Азаматтар жылдар бойы талай мекеменің табалдырығын тоздырып, нақты жауап таппай, шындыққа қол жеткізе алмай жүр. Сондықтан менің тапсырмам бойынша Құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі комиссия қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманы жетілдіру туралы заң жобасын әзірледі.


Бұл құжат тергеушілердің және анықтаушылардың жұмысын жеңілдету үшін керек. Басты мақсат – оларды артық рәсімдерден, құжаттардан арылту. Түптеп келгенде, мұның бәрі сіздерге көмек сұрап келген азаматтар үшін жасалып жатыр» деді.  

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости