RSS лента

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру жұмыстары жүргізілуде

  • 08.01.2024, 12:44,
  • 201
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: gov.kz

Ауыр техниканың көмегімен өткелді тереңдету жұмыстары жалғасуда. Барлығы 37 мыңнан астам текше метр топырақ пен тау жыныстары шығарылды, деп хабарлайды Turantimes.kz ТЖМ сілтеме жасап. 

Министрліктің мәліметінше, жұмыста геосканер қолданылуда. Оның көмегімен 7 қаңтарда 5 метр тереңдікте топырақ астынан автобустың ықтимал орналасу орны анықталды.


8 қаңтарда топырақты қайта сканерлеу жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша іздеу-құтқару жұмыстарының барысына түзету енгізілетін болады.


Оқиға орнына ТЖМ, КӘАҚҚ РОШ, жергілікті атқарушы органдар, «Майқайыңалтын» АҚ, полиция және жедел жәрдем бөлімшелерінен барлығы 139 адам және 47 бірлік техника жұмылдырылды.


Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысының Баянауыл ауданында «Майқайыналтын» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының жанында тазарту кеңістігіне 4 жолаушысы бар автобус құлаған едіҚазіргі уақытта апат орнынан 2 адамның денесі ғана табылған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости