"11.12.2023 жылы сағат 12:36 - да Қостанайда, Амангелді тұрғын алабында, Энергетиктер көшесі, 1, аумақта бұрын ыстық сумен жабдықтауда жарылыс болып, салдарынан бір қабатты ғимарат толық құлап, үйінділердің астында 7-ге жуық адам қалған", - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.
«Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 2 адам шығарылды. Сондай-ақ ер адамның денесі табылды. Оның жеке басы анықталуда. Іздеу жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.
Қазір іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылған.