Желіде жарияланған видео кадрларынан аялдамада тоқтап тұрған автобустың үстіне құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан бес қабатты ғимараттың қалай құлап кеткенін көруге болады.
Ғимараттың құлауына не себеп болғаны әлі белгісіз. Жұмысшылар үйді сүруге дайындап жатқан және жоғарғы қабатын экскаватормен бұзып қойған. Жұмыс кезінде төменгі қабаттан күдікті дыбыс естіген құрылысшылар қашып үлгерген.
Үйінді астынан сегіз адам шығарылған, олар әртүрлі дәрежеде жарақат алды.
Ел президенті Мун Чжэ Ин билікке оқиғаны мұқият тексеруді тапсырды. Сондай-ақ, ол мұндай жағдай қайталанбас үшін ведомствоаралық шаралар қабылдауға шақырды.