RSS лента

Риддердегі өрт: күдікті ұсталды

  • 11.05.2021, 11:37,
  • 520
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Риддердегі алапат өртке кінәлі деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.


Ол журналистерге, «Анықтау жұмыстары ТЖМ құзыретіне кірмейді, бірақ менің білуімше, Ішкі істер министрлігі бір адамды ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол от жаққан. Толық ақпаратты ІІМ-нен сұраңыздар» деп жауап берген.


Бұған дейін әлеуметтік желілерде Риддер қаласының маңындағы орманда жойқын өрт туралы видео тараған болатын. Оны ШҚО ТЖД мен куәгерлер жолдаған. Бастапқыда өрттен 14 үй зардап шеккені айтылған еді, алайда кейін ол көрсеткіштің 35-ке жеткені анықталды. Төтенше жағдайдан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алып ауруханаға жатқызылған.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Лесхоз кентінің өрттен зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуді тапсырды. Ал полиция қызметкерлері соталды тергеуді бастаған.

Оставить комментарий
Последние новости
Все новости