Жергілікті A Haber агенттігінің хабарлауынша, жарылыс 300 метр тереңдікте болған. Бұл кезде жер астында 115 жұмысшы көмір қазумен айналысып жатқан.
Қазіргі таңда 36 кеңші апат аймағынан шығарылған. Тағы 25 жұмысшы қаза тауып, 6 кенші Стамбұлдағы ауруханаға жіберілсе, 5 кенші провинцадағы медицина орталығында ем алуда.
Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа жарақат алған 11 адамның төртеуі жансақтау бөлімінде жатқанын атап өтті.
Жергілікті билік 45-тен астам адам жер астында қалып қойғанын хабарлады. Өңірге әртүрлі провинциялардан іздеу-құтқару топтары жіберілді.
Президент Ердоғанның бұйрығымен жарылыс болған жерге Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мен Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Донмез келді.